20.02.2022
  166


Автор: Абдрахман Асылбек

Өтеді күндер

Әнін жазған Кенжебек Күмісбеков

Қандай нұрлы күлімдеген көздерің,
Қандай үнді сүйдім деген сөздерің.
Сен турғанда жаз гүліндей жайқалып,
Неғылайын өрімталын өзгенің.
Өтер күндер, өтер түндер білінбей,
Сырғымалы сиқыр сағат тіліндей.
Бірқалыпта қала бермес дүние,
Оңар жайлап текеметтің түріндей.
Тұрған кезде нұрландырып ажарың,
Тұрған кезде думан құрып базарың.
Еркелеші, еркелеші, сәулешім,
Қалықтасын сұлу сазды наз әнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу