Өлеңдер ✍️

  16.02.2022
  228


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Алтын той

Айналайын шырайлым,
Арнап келдім жыр-айдын.
Алтын тойды құттықтап,
Қол соғуды сұраймын!
Жиналыпты бар туыс, бар жанашыр,
Той боп жатыр ғажайып, ұлан-асыр.
Ақаң ұл мен Жекең қыз үйленгелі
Құтты болсын, етіпті жарты ғасыр!
Ақаң бойшаң тұлғалы ұл болыпты,
Жекең сұлу сары алтын гүл болыпты.
Ағайыннан бата алып отасқалы,
Табаны аумай дел елу жыл болыпты.
Бикеш екен бұл Жекең бұраңдаған,
Керген адам кез сүзбей тұра алмаған.
Сүп-сүйкімді талдырмаш қу қыз бопты
Ақаң сынды мықтыдан сыр «аулаған»!
Арман отын бұл Ақаң жандырыпты,
Қыздарды естен езілмен тандырыпты,
Жалынымен жастықтың қоймай жүріп,
Жақсы құсты қолына қондырыпты.
Жылдар жылжып, зымырап етіп жатты,
Ездерінің емірден орнын тапты.
Ұл есіріп, немере еркелетіп,
Болды үлгілі жанұя тату-тетті!
Қиял құсы шарықтап ұшып отыр,
Бастарына нұр-шуақ түсіп отыр.
Қозы-Керпеш Баяндай жайы жарасып,
Тізе қосып, бірге шай ішіп отыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу