![]() |
|
![]() |
Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
15.02.2022
32

Пингвин
Аталғанмен құс болып,
Пингвиндер ұшпайды.
Көрген емес еш тоңып,
Мұхиттарда қыстайды.
Қатар-қатар тізіліп,
Маң-маң басып жүреді.
Сонда жақсы қызынып,
Тоңбайтынын біледі.
Баласының тамағын
Теңіздерден тереді.
Өзі жеген шабағын
Қайта құсып береді.
Қар жамылып,
Мұз жалап,
Мұхиттарды кешеді.
Содан олар мұзбалақ,
Төзімді боп өседі.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |