Өлеңдер ✍️

  15.02.2022
  98


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

МҰНЫҢ НЕ?

Есек көрсең,
«Тай» дейсің.
Киіз үйді
«Тау» дейсің.
Итті көрсең
«Ба-а» дейсің.
Қойды көрсең,
«Ау-у» дейсің.
«Қоян» дейсің
Тиінді.
«Бұзау» дейсің
Құлынды.
Бала біткен мазақтар,
Естіп қалса мұныңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу