14.02.2022
  235


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АҚ ҚОЗЫМ

Əйəй қозым,
Ақ қозым.
Ұйқың келсе жат, қозым.
Кім не десе көнетін,
Аумайтұғын тап өзім.
Сүзбейді əсте.
Жоласам.
 Мінезі бар момақан.
Ақ қозымдай болсаңдар,
Бəріңді де ұнатам.
Талғамайды кел десе,
Тамсанады шөлдесе.
Аямайды еш нəрсе,
Ата-анам да ол десе.
Қос құлағы салбырап,
Құлақ жүні жалбырап,
Маңырайды,
Сөйлемей,
Бар міні осы жалғыз-ақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу