14.02.2022
  61


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚОЛҒАБЫС

Үй ішінде жұмысты,
Өзі істеп тұрады.
Астан кейін ыдысты,
Мұнтаздай ғып жуады.
Алса егерде əжесі,
Қолына жіп,
Түймесін.
Айгерімнің əдеті –
Сабақтайды инесін.
Ертеменен дүкеннен,
Нан,
Сүт алып келеді,
Алғыс алу үлкеннен,
Əдеті боп келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу