Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  90


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

МЕНІҢ ПІРІМ ƏЗІЛХАН

Айтатұғын сенің тартқан сазыңды əн
Кішіпейілдік жүрегіңе жазылған.
Айтыспайтын,
Тартыспайтын ешкіммен
Менің ағам,
Менің пірім Əзілхан.
Жан-жағына ұран тастап жар салып,
Өбектеме
Əлдекімше қарсы алып.
Атқа мініп алыстама жер шалып
Сен іздеген мінезінде байсалдық.
Адалдық бар айтқанында сүттейін,
Көңілімдегі бар ойымды бүкпеймін.
Даусы нəзік,
Бойы шағын болғанмен,
Құдіреттей рухы бар бітпейтін...
Ағалық бар,
Əкелік бар – жылылық.
Бер қолыңды қаласың сен жылынып.
Ағылшыннан,
Француздан іздеме.
Өз ағаңды сөйлет,
Сонда ұлылық.
Айтатұғын сенің тартқан сазыңды əн,
Кішіпейілдік жүрегіне жазылған.
Айтыспайтын,
Тартыспайтын ешкіммен,
Менің ағам,
Менің пірім Əзілхан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу