Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  118


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЛАТВИЯ ОРМАНЫ

Жапырағын жел тербеп төгілдіріп,
Ұшар басы ұмтылған көгін сүйіп.
Орайланып созылған көз ұшында,
Орманды алқап тəрізді көгілдір бұлт.
Бұйрат-бұйрат бұйырғын қалың орман,
Қарап тұрмын көңілден кəні болған.
Орман қалың болса да латыш елі,
Орман арқылы өздерін танып алған.
Қарағай мен қайыңы көкке өрлеген,
Биік болып өсуі шектелмеген.
Бұйықтырып соқса да қара дауыл,
Қаңтарда да қайтпаған көкпеңбек ең.
Ажал құшқан кездерде жосып алдан,
Қорған болып оларды тосып алған.
Латвия еліне баспана боп,
Кеме болған еліне осы орман.
Осы орман халқына болған түрлі əн,
Райнисті жасынан толғандырған.
От пен оқтан аман бол,
жасыл мекен,
Латвия алқабы толған орман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу