Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  81


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҒАБИТ-ҒАЗАЛДАР - ЕКІНШІ ЖЫР

Сəбит!, – деді:
– Осы ауданда туған едік екеуміз,
Көтеріліп көкжиекке жетеміз.
Қожаберген жырау туған бұл жерде,
Соны неге ұмытып біз кетеміз!
Преснов кім?
Аудан аты болатын,
Алтын көріп, жұрттағы елдің қоласын.
– Онда Біздің бірімізге қойылсын, –
Деді күліп,
– Сонда тыныш боласың!
– Сəбе, – деді, Ғабит созып дауысын,
Аралап кеп ақ қайыңдай бау ішін.
– Толыбайдай-й сыншы туға-ан бұл жерде-е!
Сонда Сəбең ұқты ойдың аңысын.
– Дұрыс Ғабит! Бұл бұрын болмаған,
Бұдан былай осы жайды қолға алам.
Саған – Құдай бойды емес, ой берген,
Батырсың сен
Бейімбетті қорғаған.
Тек асықпа.
Барлығы да болады,
(Айымжанның көлі тағы толады).
Жыршы бабам,
Сыншы бабам даңқы артып,
Пресновтар біртіндеп-ақ солады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу