Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  108


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖИЫРМА БЕСІНШІ БӨЛМЕ

Тұрғыны осы бөлменің,
Тобылғы торы төртеу ек.
Тұрымтай көздің көркемін,
Тұрғылас еттік ертерек.
Тұрымтай көздің көркемін,
Тұрғылас еттік ертерек.
Санымыз төртеу болғанмен,
Салтанат құрдық өлке боп.
Толқытып күйдің ырғағын,
Толасы болмай думанның.
Тоғысып тұнық толқынмен,
Тойланды талай туған күн.
Жалғанып ұзақ сырға сыр,
Өтті ол кез жанға арай сап.
Біздерден қалған бір ғасыр,
Тұрғандай қазір қарайлап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу