Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  90


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

Ф-ҒА

Ақ қайыңдар арасынан
Шыққан менің ақ гүлім.
Көздеріңнің қарасынан
Көрдім сезім пəктігін.
Ақ қайыңның арасында
Алаулаған ақ гүлім.
Солтүстіктің даласында
Самал болған шаттығым.
Ақ қайыңды көрсем қайдан,
Аймалаймын аялап.
Жортып жүрген жігіт кезде
Болды алғаш саябақ.
Ақ қайыңға исем басты,
Ару қызға игенім.
Ақ қайыңды сүйсем жақсы,
Əнді дағы сүйгенім.
Ақ қайыңның арасынан
Алаулаған ақ гүлім.
Сарыарқаның даласынан
Самал болған шаттығым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу