Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  100


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚОЛДАРЫМ

Қотарып қойнын Алатау, Алтай, Жоңғардың,
Қорғасын дəнге толтырдың баурын
жондардың.
Түйе жүн толқын Іленің иін қандырдың,
Рақмет саған!
Қолдарым менің, қолдарым.
Ерлігің тарих, қатерлі жылғы, сондағың
Өмірін жалғап алаңда гүлдің солғанын.
Қаптаған өрттің ішінде жүрдің күймедің,
Қаһарлы қыстың тісіне түстің тоңбадың.
Жаналқымға алып, келгенде жаудан
қорғадың,
Жарым мен жайсаң достарды құшып,
қолдадың.
Байжігіт күйін, Абайдың жырын
жалғадың,
Ризамын саған,
қолдарым менің, қолдарым.
 * * *
Қар суымен атойлап, сай бұлағы қуанып,
Сен туғалы екі көктем келді міне гүл алып.
Тарамдалды тəжіктердің қыздарының
шашындай,
Солтүстіктің орман-орман қайыңдары
бүр алып.
Сеніменен жылдас түлек болат топшы
қыран боп,
Асқар алып, аспан шарлап ерлігімен жүр
əн боп.
Ауыздықпен алысады алдын бермей бəйгенің,
Сеніменен құрдас туған құлын қазір
құнан боп.
Ал сен жүрсің өздігіңнен көйлегіңді
кие алмай,
Ал мен жүрмін осы біреу тағдырларды
қиялдай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу