Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  106


Автор: Құл-Керім Елемес

КҮН ӨТУ

Бұрысыңды «дұрыс» деген пақырмын,
Дұрысыңды «бұрыс» деген пақырмын.
Көкірегіме содан қатқан қап-қара,
Қан-соқтаны жібіте алмай жатырмын.
Иманымды пәктей алмай жатырмын,
Жан-сарайымды әктей алмай жатырмын.
Күннен нұрлы кәмілдікке жеткенше,
Жетіп келіп қалар ма екен «Ақыр күн»!..
Ақыл соқыр Сенетінге сенді кем,
Дүние оты көкіректен сөнді кем.
Көңіл байқұс дәмелі әлі...
Бірақ та, үзілерге таяп қалды соңғы дем...
Үзер тұсқа үміт келед жетелеп,
Хаққа әлімше тартып келем төтелеп.
«Ләә иләәһә илаллаһ» деп, Хақ Аллаһ,
Құзырыңа құлап өлсем жетер ет?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу