Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  90


Автор: Құл-Керім Елемес

ҰШЫРҒЫ МЕН ТАРТҚЫ

Ашу кекті,
Ақыл текті болады,
Ашуына ерік берген солады.
Ақылымен ақиқатқа ұласқан,
Кемелденіп адамдықта толады.
Ақылымен адамдықта толған құл,
Екі әлемде ең бақытты болған құл.
Ашу мініп,
Кек бағатын иіріп,
Жұмыр Жерде-ақ жуадайын солған құл.
Ашу құлды иманынан тұл етіп,
Аллаһқа емес,
Ібіліске құл етіп,
Ізгілікпен қойған бағын гүл етіп,
Бір-ақ сәтте-ақ жібереді күл етіп.
Ақыл құлды тек Аллаһқа құл етіп,
Ізгілік пен хақиқатта түлетіп,
Іс,
Ниетін,
Сөзін нұрлап хақ нұрмен,
Екі әлемін жібереді гүл етіп.
Ашуыңды ақылмен бас сондықтан,
Нұрлы ақылда нұрсыз ашу сең бұққан.
Ақылды құл Хаққа қарсы келмейді,
Құранды оқып,
Исламдық жөнді ұққан!..
2012.3.23




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу