Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  124


Автор: Құл-Керім Елемес

СОЛ

«Нәпсіңді тый,
Салтыңа орал»,
Қайт дінге!
Айтар болсаң білгеніңді айт дінде!
Хақ жолында талмай қылып шын құлдық,
Қайтсаң егер «шын құл болып қайттым» де.
Нәпсіге еріп қайта алмасаң хақ дінге,
Дүниеде қасіретке баттым де.
Дүниеден дінсіз болып өттің бе,
Онда өзіңді өзің оқ боп аттым де!
Дүниеде болғанымен тақ кімде,
Мәңгілікке тұрар дейсің тақ кімде?
Екі әлемнің бақыттысы сол, бауыр,
Бұ дүниеде болса құлдық, хақ кімде!
2012.3.16




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу