Өлеңдер ✍️

  08.02.2022
  109


Автор: Шәмшия Жұбатова

Қайран менің күндерім, құлаш керген

Қайран менің күндерім, құлаш керген,
Қанатының қағысы ұласты өрмен.
Жырларымнан жер-жаһан жалау ұстап,
Мекен-жайын бақыттың сұрасты елден.
Түндерім-ай, кірпігін от тіреген,
Кеудесіне үміттен шоқ түнеген.
Қараңғы әлем қойнында тәкаппарлау
Жарқырайды алмастай өткір әлем.
Үлпілдеді үкідей, бақбақ ұшты,
Тоқтата алмай қалдық-ау қатты ағысты.
Жалындары ұлғайып бара жатыр
Жарқылдаған от толып шақпақ үсті.
Хан тағында отырса патшалы өлең,
Топырағында тербеліп жатса денем,
Сенім атты жетелеп ақ боз атты,
Үміт таңы ағарып атса деп ем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу