Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  263


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ПАРАСАТЫ МОЛ ЕДІ...

(Мұқан Иманжанов туралы)
«Жүзі жылы, жүректен күлетін ер,
Талаптыға мейірімін төгетін ер.
Парасаты мол еді, паңдығы жоқ»–
Деп жүр Оны бір кезде білетін ел.
Ойлай қалсаң, ол өзі түсінікті,
Қолдан жасай алмайсың кісілікті.
Қайтсін шала бүлініп ақылды жан.
Іші сезіп тұрған соң ісін мықты.
Кішіпейіл кісі боп жүретіндер –
Ірілігін өзінің білетіндер.
Ол біреуге жасаған жақсылығын,
Қарыз емес, Парызым, Міндетім, дер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу