Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  147


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖІГЕР

Көкірек толған үміт, толған арман,
Жас жаным болашаққа жолдама алған.
Тілеймін нұр үстіне нұр жауғанын,
Қанағат таба алмаймын қолда бардан.
Парызға пар жегілген үмітпенен
Ентелеп ертеңіме жүріп келем.
 Сенімім: «жетем» – деген жетелейді,
Көңілден орын бермен күдікке мен.
Ер жеттім. Енді мен де ересекпін,
Нық тұрмын вахтасында келешектің.
«Халқымның қамын жеймін» – деген ойдан
Біткендей бойға қуат, ерекше екпін.
Бықсуы қоламтаның аулақ менен,
Жарқ етіп, лапыл қағып, лаулап берем.
Жалқыны жанартаудың секілденіп
Өзімнен оттай ыстық аумапты өлең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу