Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  241


Автор: Жұмабай Арман

Алтын жүрек анамыз

Алтын жүрек анамыз
Ақыл айтар данамыз
Қолдап бізді әрқашан
Бар әлемді танытқан

Мәпелеп ақ сүтпен
Тәрбиелеп өсірген
Мейіріиі жүзінде
Бар жақсылық көңілді

Анам мені әрқашан
Еркелеткен сөзімен
Жақсы көрем мен оны
Жақсы көреді ол мені

Сіңірттің бойыма адалдықты
Тастасам деймін балалықты
Тұмарым боп анашым жүретұғын
Бойыма дарытқан даналықты

Осы күнге жеткізген сенің арқан
Болады ғой әр балада бір-бір арман
Сол арманға жету үшін қолдау беріп
Жүре берші әрдайым қорған болып




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу