Өлеңдер ✍️

  19.01.2022
  158


ДАНИЯ СӘТБЕКҚЫЗЫ

Жастар жылы жастары

Бұл біз емес қайыр қылмай еліне,
Тартып тумас тарихына, тегіне.
Бұл біз емес босағасын үйінің,
Өзгелердің айырбастар төріне.
Бұл біз емес бүгінін жыр етпейтін,
Ертеңін еліменен бір етпейтін.
Бұл біз емес ауызбен орақ орып,
Тірлігін тіліменен реттейтін.
Бұл біз емес қанатын қомдамайтын,
Жасалып жатқан кезде жолдау айқын.
Баспанасын сыйлаған жастарына,
Бастамасын елінің қолдамайтын.
Бұл біз емес еліктеп аласұрар,
Тілімен тірлік кешер ала шұбар.
Біз қазақтың жастары басқалардан,
Білімімен қашанда дара тұрар.
Біз жастар адалдыққа мән беретін
Елімен бірге өсіп, әлденетін.
Бір қарыс жері үшін жанын төгіп,
Бір сүйем жері үшін жан беретін
Мойнына тұмарындай тағып арман,
Елбасы қолдауынан шабыт алған.
Біз қазақтай текті елдің ұрпағымыз,
Мәңгілік ел болуға бағыт алған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу