17.01.2022
  84


1 қыркүйек - білім күні

1 қыркүйек бүкіл ТМД елдерінде білім күні тойланатын күн. ССР-де 1984 жылдан бастап бұл мереке аталып өтеді екен. Бұл күні бүкіл білдіршіндердің, оқушы, студенттердің мерекесі ғана емес, аяулы ұстаздар мен ата-ананың мерекесі. Білім әр адамзаттың санасында болуы тиіс. Себебі білімсіздің күні қараң. 


 


Кішкентай бүлдіршіндер алғаш мектеп табалдығын аттаса, оқушылар бір жылға есейетін күн. Салтанатты сызғыштар, құшақ-құшақ гүл, ән-күй, думан осы күнге тән. Алғашқы оқу күннен-ақ оқушыларға кітаптар таратылып, жаңа оқу бағдарламасымен таныстырылады. Жаз бой демалған миымызға қыркүйектің 1-інен бастап қайта жұмыс істеуге тура келеді. Барлық оқушылар жаңа киім, жаңа портфельдерімен бірге осы күнді асыға күтеді. 


Және бұл күн әр баланың есінде мәңгі жатталса керек. 9 ай бойы білім алатын оқушылар бұл күні ерекше көңіл күймен келеді. Әрине, әр мектепте білім күні әрқалай тойланады. Ал жоғарғы оқу орындарында атаулы салтанатты мереке тойланбаса да, абыр-сабыр болып жатады. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу