Өлеңдер ✍️

  16.01.2022
  95


Автор: Дәурен Айманбетов

Т. Нұрмағанбеттiң "Жер иiсi" романынан соң

Адасып бiр бұлт келiп, ери iшi,
Қалды астында ақ жауын нөпiрде ауыл.
Көтерiлдi шаңменен жер иiсi,
Топырақты дымқылдап соқыр жауын.
Соқыр жауын жөнiне кете барды,
Қайта ұшырып көгершiндердi бишi.
Танауыңды жұпарлап өтер әлгi,
Құшырлана сордым кеп жердiң иiсiн.
Сонда-дағы басылмай, о, құмарым,
Сарқып жұтам ауаны, еш қанбаймын.
Тамшы тиген туған жер топырағын,
Мейiрлене иiскеп аспандаймын.
Күйiмдi бұл масайып боп аңғарғам,
Алпыс екi тамырым кеп иiсiн.
Қалада ғой, айналаң бетондалған,
Сағыныппын даланың жер иiсiн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу