Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  236


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

МАҢҒЫСТАУЫМ-МАҚТАНЫМ

(Әні: Айтқали Жайымовтікі)
Ғасырлар теңізбен сырласқан
Аймағым сусыған құм басқан.
Күй толған кеудеңе күмбірлеп,
Жаныңды жайлаған жыр-дастан.
Тамсандырған баршаны
Сәнің – Самал, Тамшалы.
Маңғыстауым қашанда
Жүрегімнің аңсары.
 Мұнайың даңқыңды жасаған,
Сәулетті, киелі босағам.
Кеудеңде шамшырақ сөнбейтінАбылың, Есір мен Қашаған.
Әулиелі мекенім,
Кең жайылған етегің.
Жетібай, Өзен, Қаламқас
Мәңгі мақтан етерің.
Самғай бер биікке, дарып бақ,
Ұрпағың әлемге танытпақ.
Мерейін үстесін халқымның
Шағала- атағың шарықтап.
Әбіш тапқан жол басын,
Сан халыққа ордасың.
Иілмес өр басың,
Бекет ата қолдасын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу