Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  77


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ӨЛШЕМ

Өлшемі бар дейді ғой бәрінің де өмірде –
Сүю менен сыйлаудың,
Ашудың да, наздың да.
Шартты бәріАдалдық, қуаныш та, сенім де,
Бола алмаса егер сай санаң түйген мазмұнға.
Ашу, ыза адамға жарай алмас қорғанға,
Айла, ақыл торласа иілер зор күшің де.
Сыйластықтың екі ұшы екі жақта болғанда,
Сезім керек тозбайтын шексіз сүю үшін де.
Қырағылық керек-ақ селт етпейтін сәтке де,
Қапылыста жоғалтып алмау үшін сенімді.
Кей көңілдер өзгерсеБілесің бе гәп недеНеге біреу аңдиды сүрінетін жеріңді?
Біле алмайсың барлығын,
Сезсеңдағы жобасынҮндемейсің ер көңіл мәртебесін зор тұтып,
Кейбіреудің ойынан қарап тұрып тоңасың,
Кейбіреуді тұрсаң да ерлігіңмен қорқытып.
Өлшемі бар дейді ғой бәрінің де тірлікте,
Сергек қарау керек-ау қараға да, аққа да.
Әйтеуір тек нысана болсын ізгі бір нүкте,
Әйтеуір тек ар менен намыс туын таптама.
Иә, адам көреді ізгіліктен жолдасын,
Тек әйтеуір арамдық аулақ салсын іргесін.
Адалдығың аяққа тапталатын болмасын,
Сеніміңнен сергелдең туып кетіп жүрмесін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу