Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  117


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

КІЛТ ПЕН ҚИЯЛ

Тербетіп түн мамықтай бесігінде,
Теңізіне тыныштық батырады.
Кілт салынған үйімнің есігінде
Тіршіліктің бар күйі тоқырады.
Бүкіл дүие тып-тыныш,
Дала түнек,
Әрбір есік күзетіп тұр аймағын.
Әрбірінде бардай бір дара тілек,
Құпиялар қымтаған шырайларын.
Тып-тыныш әлемдегі шекаралар –
Кілт салынған үйлердің есіктері.
Әрбіреуі күтеді жеке хабар,
Әрбірінің өзінше несіптері.
Күн менен кілт шекара салды-дағы,
Әр бұрышта жан біткен қалды бұғып.
Бой жазып тек қиялдың арғымағы,
Шекараның бәрінен қарғиды нық.
Көтеріліп барады қанатында,
Ізгі ойлар, пәк сезім, жігерлі, ашық.
Белгісіз жүрген күйдің санатында
Сенімдердің қақпасын жіберді ашып...
Тыныштықты кентеттен бұзып түнгі
Тарс етті есік...
Қозғалып жүрек кенет.
Жалғыз-ақ нұр жүректен сызып нұрды,
Қалды тек жанды жалғыз тілек демеп.
Адам үшін шаттық мол, тыныш күн,
Бақыт күтіп тұр алда деп сене бер –
Қияр ек-ау тамырын қорқыныштың
Кілттенбестей сенімге жетсек егер...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу