Өлеңдер ✍️

  12.01.2022
  151


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

ЗЕЙНЕПТІҢ КИІЗ ҮЙІ

Ән салдырған Тастемір мен Досатқа,
Көрік қосып осы атқа,
Маңғыстауда,
Он саусағы өнер күйін төгіткен,
Бір келіншек тұрады екен Қошақта...
Сүйіндірген ажарымен маңды әрі,
Еңбегіне зейнет құйған таңдары,
Зейнеп атты сол әдемі кеіншек,
Аты шулы жылқышының жан жары...
Кеуде толы сырларыңды бірге ұғып,
Қуанысып,
Той болардай,
Дүрлігіп,
Ол тоқыған басқұрлар мен баулардан
Қарап тұрар бұлбұл сайрап,
Күн күліп...
Артық бейнет көрер бәлкім,
Кім ермек,
Ал келіншек қиял құсым түлер деп,
Дала кейпін алашаға түсірсеКөктем болып,
Сыр шертеді гүл-өрнек...
Бабамыздан қалған осы нақ мұра
Зейнептің шын жанына тым жақты ма –
 Киіз үйді тігіп қойды ұядай,
Бау-бантиктің неше түрін тақты да.
Өнер десе бата бере жайған қол,
Бұл өңірде жақсы дәстүр,
Сайран мол,
Зейнептің сол махаббатын паш етіп,
Маңғыстаудың көрмесіне айналды ол...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу