10.01.2022
  454


Автор: Жібек Ысқақова

Туыстарым сендерменен...

Туыстарым сендерменен,
Әр күніміз жанданады.
Туыстарым сендерменен,
Көңілімізде ән болады.

Туыстарым сендерменен,
Бар жақсылық жалғанады.
Туыстарым сендерменен,
Шаттығымыз бар болады.

Туыстарым сендерменен,
Арайлы атар таң болады.
Туыстарым сендерменен,
Бұл өмірде мән болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу