10.01.2022
  617


Автор: Жібек Ысқақова

Туыстарға тілек

Туған-туыс, бауырларым,
Амандықта болыңыздар.
Күлім қағып, жайнап жаның,
Толған айдай толыңыздар.

Туған-туыс, бауырларым,
Қуаныңдар, ауырмағын.
Бала-шаға аман болып,
Гүлдей берсін ауыл, маңың.

Туған-туыс, бауырларым,
Ортаймасын шаттықтарың.
Арта берсін абыройың,
Асыр салып бақыт, бағың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу