10.01.2022
  283


Автор: Жібек Ысқақова

Ағайындар, ағайындар аман бол!

Ағайындар, ағайын, ағайындар,
Сіздер жайлы ғажайып салайын ән.
Жүздеріңнен кетпесін қуанышың,
Әрбір күнің орнатып ғажайып сән.

Ағайындар, ағайын, ағайындар,
Жақсылықты тілеймін өмірде бар.
Сыйластығың жоғалмай өне берші,
Айналысып жақсы іспен көңлің құмар.

Ағайындар, ағайын, ағайындар,
Өздеріңе бақ тілеп саламын жар.
Аман болсын отбасы, ошақ қасы,
Биік болып абырой, намыс пен ар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу