28.12.2021
  401


Автор: Жібек Ысқақова

Әйеліме 8 наурызға тілек!

Қаншама жыл бірге боп, жалындаған,
Асыл жарым, әйелім өзіңсің сен.
Сегізінші наурызың құтты болсын,
Бар жақсыны тілеймін өзіңе мен.

Көңіліңді тербесін шаттық әуен,
Гүл көктемің жан-жарым келіп жеткен.
Немерелер қызығына тоймай, тойлар,
Көп болсыншы күндерің бақытты еткен.

Отбасының аяулы отанасы,
Тамыр жайған жайқалып гүлі өзің.
Мерекеңмен жан-жарым құттықтаймын,
Амандықта болшы деп, тілек сөзім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу