28.12.2021
  428


Автор: Жібек Ысқақова

Асыл жарым 8 наурыз мерекеңмен!

Асыл жарым, жан-жарым мерекеңмен,
Құттықтаймын өзіңді келіп жеткен.
Әрбір күнің шаттығына бөлей берсін,
Көп боп жаным күндерің бақытты еткен.

Гүлдей жайна жанжарым, болшы аман,
Бар жақсыны Алладан мен сұранам.
Отбасымның жайқалған бағы сенсің,
Аспанымда жұлдыздай жарқыраған.

От жалынды сезімің сөнбесін еш,
Жайма шуақ көңілің бал-бұл жанып.
Сәттілікті күндерің тербесін тек,
Бақ-береке жолында бәрін салып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу