15.12.2021
  380


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурыз мейрамы құтты болсын!

Құтты болсын кеп жеткен бұл мереке,
Қуанышын, шаттығын, бақ сыйласын.
Алла өзі жар болып әрқашанда,
Абыройлы, данқты ат сыйласын.

Тарқамасын қашанда базарыңыз,
Гүлдей жайнап құлпырып ажарыңыз.
Бар жақсылық, қуаныш орнасын тек,
Оңды болып әр басқан қадамыңыз.

Аман болсын отбасы, жақыныңыз,
Тамыр жайып жүректе бақ-гүліңіз.
Жаздай жылы, күніңіз жадырасын,
Әр күн сайын тербетіп шаттығыңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу