15.12.2021
  238


Автор: Жібек Ысқақова

Көктемнің алғашқы мерекесі

Көктемнің бұл алғашқы мерекесі,
Құтты болсын, күніңіз нұрын шашсын.
Бұл көктемнің әр күні бақыт сыйлап,
Хош иісті ғажайып гүлін шашсын.

Күндеріңіз көп болсын қуандырған,
Шаттығы мен бақытын құп алдырған.
Көңіліңіз марқайып әрбір күннен,
Күндеріңіз көп болсын нұрландырған.

Көліңізді тербесін бақ пен бақыт,
Қуаныштар лайым сізге үн қатып.
Жайма-шуақ күндеріңіз орнай берсін,
Қуанышын тарту етіп сізге уақыт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу