15.12.2021
  145


Автор: Жібек Ысқақова

Әжелер, аналар, арулар меркесі

Таудан аққан мөп-мөлдір бұлақтайын,
Гүл жайнаған көктемгі қыраттайын.
Аналарым, ардақты аруларым,
Сіздерге арнап ерекше сөз бастайын.

Құтты болсын мереке келіп жеткен,
Әр жүректің түбінен орын тепкен.
Шаттығыңыз арта берсін бақ гүліңіз,
Күндеріңіз көп болып күлімдеткен.

Шуақ шашып күніңіз нұр сыйласын,
Гүл көктемдей құлпырып әр күніңіз.
Алла өзі жар болып әрқашанда,
Жана берсін лайым жұлдызыңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу