Өлеңдер ✍️

  10.12.2021
  145


Автор: Бақыт Беделханұлы

Мейрамбек және біз...


(Аманат арқалатқан ағаға)
толғау
...Ақаңның аманаты – деп,
Нарға емес,
Арға салып бір жүкті,
Қали ағам, қатты айтыпты шындықты.
Қатты айтқанда, жақсы айтыпты,
Мына сұрқай тірліктегі сұмдықты;
«Ғалымнан залымды,
Арыңнан жаныңды,
Жаныңнан малыңды оздырған,
Бәйге атындай бауырын пұлға жаздырған,
Қасыңдағы қошеметшіл тобырға
Тереңдеп қабір қаздырған.
Көк сандығың көзді көкшитіп,
Ашынаш пен құшынашты мәз қылған.
Саңқылдап самғар қырандар,
Қаңқылдатып қаз қуған,
ХАЛҚЫМ , ҰЛТЫМ, ЖҰРТЫМ – деп
Пәленің ошағын қазды сөз қуған?!
Бұл не деген заман боп тұр, Мейрамбек,
Албастының да арқасын қоздырған?!
Айғайлағаны әнші боп,
Ыңыранғаны Шәмші боп,
Құрқұлақпенен ауырған
Жазықсыз жұртың жылпостарға жалшы боп,
Топтан озып, дүлдүлі шықпай,
Бақтан ұзап, бұлбұлы ұшпай тобырдың
Ой балқытқан көсемі де,
Сөз шалқытқан шешені де
Бара жатыр жәй, әншейін, жаршы боп...
Айтпайын десем, Намысым...
Жерге қарасам, өзіме тиді,
Елге қарасам,
Көзіме тиді қамшы боп.
Ұлтты ойлайтын ұлым қайда?
Жұртты ойлайтын қызым қайда?
Жолың қайда?..Жолым қайда?..Мен қайда?..
Керуен-керуен көші ілгері,
Ұлы дала төсіндегі еңсесі зор ел қайда?
Жоғалтпаған тасқын кейпін,
Он үшінде баспын – дейтін, ездігі жоқ ер қайда?
Соларды ойлап берілемін шерлі ойға...
Осылай,..
Төте болды қойған сұрақ,
Ойлан, Шырақ! »
Иә, ойланайық,бағамдайық, бажайлап,
Басымыздан үркіп ұшқан талай бақ.
Қырын қарап кетсе дағы бір кезде,
Қызыр да жүр қырсыз елді маңайлап.
Ұлтын сүйген ұлыларды ұлықтап,
Түс көрсем де, түс қашса да соны ойлап,
Мінер жағын менсінбейтін...
қасқа айғырдай, сақсынып,
...Қамшылар жағыма қарайлап,
Сөз бастадым орайлап,
Алды-артымды абайлап.
Қалекемнің қазық қып қадап, айтқаны-ай,
Айналасын солқылдатты, ... зырқ етті.
Жер қозғалып кетпесе де..,
Миымыздан шаң ұшқандай, бұрқ етті.
Қазағымның қайран сөздері-ай,
Тәңір-нәттес, Ай менен анау, Күн-текті.
Бұлтақтатпай, бұра тартпай қалай жеткізем,
Буырқанып, булығып тұрған бұл-кепті?
Бозторғайы ұя салып жүрекке,
Сол - алты жасында-ақ,
боздауын айтқан бұ көпке.
Мейрамбектей бір ұл берген құдайға
Айта алар дейсің кім өкпе?..
...Өкпе де емес, назда емес.
Бұл – артындағы інілерге айтқан
Ағалық ақыл, аз кеңес..
Әйтпесе,
атынан түспей дәрет сындырған
талайлар,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу