Өлеңдер ✍️

  10.12.2021
  171


Автор: Мұхит Мерәліұлы

Айдай

Мұқиттың-ай, мен салайын “Айдайына-ау”,
Бақ берген-ай, ер жігіттің-ау, маңдайына-ай, аһ-ай!
Алшаңдап асау кердей жүргенімде-ай,
Құрбының тап боламын-ай, айдай-ой, қандайына?!

Мұқитта мал дегеннен жалғыз сиыр,
Болады баспағымен екеу биыл.
Мұқиттың шаруамен жұмысы жоқ,
Күнде той жүрген жері, күнде жиын.

Бұл күнде жақсы да жүр, жаман да жүр,
Мал жинап кейбіреулер амалдап жүр.
Оралдан ән оздырған Мұқит ағаң,
Жас жетіп аяғынан шабандап жүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу