Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  118


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

КЕРТОЛҒАУ

Табыспайық, жарайды, біз лайым,
Құзы дайын өмір ғой, сызы дайын…
Күпір болса күнәсіз күмбір сезім,
Өміріңнен мен сенің сызылайын.
Бірімізді біріміз мазаламай,
Бірімізді біріміз жазаламай…
Ғұмыр кешсек тып-тыныш
«қандай жақсы»,
Кәусар сезім кірпігін тазаламай…
Селт етпесін сезімдер, сергімесін,
Жанарда жас жасырын мөлдіресін.
Мәңгі тұрмас махаббат маусымында
Біздер емес, басқалар елжіресін.
Тақпас бұдан ешкімге қоғам айып,
Бірімізден біріміз жоғалайық.
Көп көзіне күйік боп жүргендейміз
Айта бердің, доғарсақ — доғарайық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу