24.11.2021
  1180


Автор: Шешендік сөздер

АЗАМАТ

Бірде Жиренше серіктерімен алыс жолдан келе
жатады. Аулына жақында ғ анда жолдастарының бірі-
— Жиренше, үйіңде ұлың бар ма?— дегенде, ол:
— ..Е, болғанда қандай! Жігіт болған азаматым
бар,— дейді.
Осы кезде төрт жасар бала кісілердің алдынан
жүгіріп шығады. Мұны көрген жолдастары:
— Е, немерең де бар екен ғой,— деседі. Сонда Жиренше тұрып:
— Үлкені де осы, кішісі де осы,— депті. Мұнысына жолдастары:
— Әй, Жиренше-ай, осыны да азаматым бар деп, әлдеқандай етіп айтасың-ау!— дейді көңілдері толмай. 
Сол сәтте Жиренше қолындағы қамшысын жерге тастай салады да, ұлына «алып бер» депті. ¥ л ы еңкейіп
қамшыны көтеріп әкесіне береді. Сонда шешен жанындағыларға қарап:
— Міне, азамат деген осы емес пе? Егер бұл балам
болмаса қамшымды кім алып берер еді?— деген екен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу