22.11.2021
  105


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

ТҰҢҒЫШ НЕМЕРЕСІН КЕНЖЕСІНЕ БАЛАУ

Өмірден көрген-түйгені көп, тəжірибелі де парасатты қазақ хал- қы тұңғыш немересін, тіпті, екінші, үшінші немерелеріне дейін омы- раудан шыға салысымен «кенжеміз» деп, өз тəрбиелеріне алып бағып-


қағып, жақсы азамат етіп жетілдіруге күш салады. Бұған себеп: жас ата-ананың баланы бағып-қағу тəжірибесі аз болады; тəлім-тəрбиені неден, қалай бастауды толық білмейді.


Міне, жас ата-аналардың осындай олқылықтарын толтырып, жас- тарға бала тəрбиелеудің қыр-сырын үйрету үшін, білікті қариялар ал- ғашқы немерелерінің тəрбиесін өз қолдарына алады. «Екі баланың ор- тасындағы кəрі – бала болады, екі кəрінің ортасындағы бала – дана болады» дегендей, ата-əжелерінің тəрбиесін алған балалар ұлттық салт-дəстүрге бай, жан сезімі мол, көз аясы кең, білімі терең, адам- гершілігі күшті, турашыл, əділ азамат болып өседі. Тарихта көптеген əйгілі адамдар ата-əжелерінің тəрбиесінде болған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу