22.11.2021
  87


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

УƏКІЛ ƏКЕ БОЛУ

Е ртеде басқа жанашыр жақыны жоқ, жас балалы, ауру-сырқау, мүгедек адамдармен соғысқа жəне алыс сапарға аттанатын адамдар адамгершілігі жоғары, инабатты адамдар мен дос-жарандарының бірін үйіне шақырып алып:


 


– Мына бала өзіңе аманат! Уəкіл əкесі болып, мен олай-бұлай бо- лып кетсем қарауыңа алып, адам қатарына қос! – деп ұрпағын өнегелі кісілерге аманаттап кететін салт болған. Одан əрқандай адам бас тарт- пай, қуана қарсы алған.


Қазақ салтында уəкіл əкенің уəкіл бала алдындағы жауапкершілігі өте үлкен болған. Уəкіл баланы өз баласындай жақсы бағып-қағып, оқытып, үйлендіріп, ата-аналық парызын мүлтіксіз орындаған.


Уəкіл əке болу – баланың құқық-мүддесін қорғап, жас балаға өгей- лік, кедейлік, жетім-жесірлік қасіретін тартқызбай, балалардың еш алаңсыз есейіп, адамдар арасындағы сенім мен достықты нығайтуда зор рөл атқарған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу