Өлеңдер ✍️

  22.10.2021
  2739


Автор: Жібек Ысқақова

25-жас туған күнге тілек ұлыма

Екінші мүшел жасқа толдың ұлым менің,
Шуақ шашар, жылу берер күнім менің.
Құтты болып жиырма бес мүшел жасың,
Жүйткіп өткен көліктей дүрілдедегін.

Айқай жиырма бес шіркін, пай-пай қандай?
Күн күлімдеп, таң шуақпен атырғандай.
Екінші мүшел бұл жасың ұлым менің,
Жаңа өмірге қол бұлғап шақырғандай.

Құлынымсың ержетіп, жігіт болған,
Күтсін ұлым әрқашан бақыт алдан.
Ашық болсын ақ жолың, қадам оң боп,
Орындалып жарығым барлық арман.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу