Өлеңдер ✍️

  15.10.2021
  145


Автор: Дәркен Танабаев

ҚАЗЫҒҰРТТЫ ЖҰБАТУ

Қалалар мен ауылдарды жалғаған,
Жоталарың жол боп жатыр ондаған.
Цемзауытым әр тасыңды үгітіп,
Жарты ғасыр цемент жасап сомдаған.
Қастерлейді әркім туған мекенін,
Өркениетте өр көкірек бөтен үн.
Біліп жүргін ірге тасы үйіңнің,
Қазығұрттың сұр тасынан екенін.
Төбелерің айналғанда жараға,
Қорғаушың боп түсе алмадым араңа.
Киелі тау күннен-күнге мүжіліп,
Айналама бір күндері далаға?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу