Өлеңдер ✍️

  14.09.2021
  121


Автор: Еркін Оралбай

МЕНІКІСІҢ

Жеңе алмаған өмірдің сергелдеңі,
Сезім жеңді күшіме сенген мені.
Өзгердім мен, Мөлдірім, өміріме,
Сен келгелі.

Қара түнге соншалық құмартамын,
Сені ойлаумен атуда бұла таңым.
Түсте көріп өзіңді оянуды,
Ұнатамын.

Шешімі жоқ өмірде сұрақтар мың,
Дайын еткен біздерге сынақтарын.
Сезімді жүректегі жеткізем деп,
Жыр ақтардым.

Болғаннан ба, өзіңдей қызда арманым,
Сабырымды жоғалтып қызба жаным.
Сәл нәрсеге ренжісем, дұрыс түсін,
Қызғанамын.

Қызғаныш қой өкпелетсем мені түсін,
Кетердей сені ойласам еріп күшім.
Сені ешкімге бермеймін, себебі сен,
Менікісің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу