Аңыздар ✍️

  10.09.2021
  541


Шаш туралы аңыздар

Әпсана – Бұл терминді орыс, Еуропа әдебиеттерінде қалыптасқан "легенда" (лат. legenda) - ұғымының баламасы ретінде қазақ фольклортануына С.Қасқабасов енгізген. Халықтың наным-сенімінен, арман-қиялынан туған прозалық жанрдың бірі, шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып, белгілі бір тарихи оқиға немесе атақты тұлға, я болмаса топоним жайында көркемдей баяндайтын әңгімелер.
Халқымызда шаш туралы эфсаналар көп. Өзге ұлттарда да шашқа қатысты болжамдар аз емес. Әсіресе, шаштың түсіне байланысты пікірлер, тұжырымдар өте қызықты. Шашының түсі қандай болса, иесі қандай адам, біз енді сол жөніндегі зерттеушілерің пайымдауларына тоқталсақ.
1. Қара шаштылар – қызу қандылар, қайратты адамдар.
2. Қоңыр шаштылар – елгезек, әсершіл, өз ойы мен эмоциясын жасыра алмайтындар.
3. Қызыл, алтын сары шаштылар – ақылды, мәдениетті, көпшіл, айлакер, кекшіл адамдар.


· Ел ауызында бұрымын кескісі келген бойжеткенге байланысты талай-талай аңыз-әңгіме бар:


· Бір қыз бала тобығына дейін түскен қолаң шашын кеспекші болып қолына қайшысын алғанында мынадай оқиғаларды ап-анық көреді:


· Бұрымын кескен күні әкесінің бұл өмірмен қоштасатынын;


· Бұрымын кескен күні өмір жолының кілең сәтсіздіктен басталатынын;


· Бұрымын кескен күні ешкімнің оған алғыс айтпайтынын,одан түңіліп теріс айналатынын;


· Бұрымын кескен күні жігіттердің одан безіп,онымен ешқайсының таныспайтынын, жапанда өскен жалғыз ағаш сияқты сыңарсыз қалатынын...


· Осы көріністер оған аян бергендіктен,бойжеткен бұрымын кесуден бас тартады. Сол сәттен бастап оның өмірі қуаныш-қызыққа толып, бақытты тұрмыс құрады,үбірлі-шүбірлі, дәулетті отбасының анасы болып,қосағымен қоса ағарады.


· Аңыз-әңгіме болса да, оның негізі-ақиқат екеніне күмәніміз жоқ,


· Бексұлтан Нұржекенің жазуынша, ертеде түркілер Қытайда жібек матасының қалай жасалатынын білу үшін пысық бір жігітті сапарға шығарады.


· Ол барған жерінде қолаң шашты бір қызға үйленеді де,оның шашын ұп-ұсақ қырық өрім етіп өргізеді. Сөйтіп,әр өрімнің түбіне бір,ұшына бір жібек құртын тығып,сексен жібек құртын Қытайдан алып шығып, еліне әкеледі. Осылайша түркілер бұрымның көмегімен жібек мата жасаудың құпиясын ашады.Аңыз-әңгімеге сенсек,содан бері түркілер де қыз-келіншектер бұрымын ұсақ-ұсақ етіп өрген,ол ұлттық салт болып қалыптасқан. Негізінен көшпелілердің қыздары шашын жұп етіп өрген. Этнограф-жазушылардың айтуынша, бұрымның жұп болатын сыры: бір жағынан бұрымның әрі ұзын,әрі тоқ екендігін көрсетіп көзді сүріндіру,көргендерді тамсандыру.Екіншіден, қыз жұбайлы,яғни жұптасып өмір сүруге тиісті.Бұрымның бірі-өзінікі болса,екіншісі-болашақ жарынікі. Жасыратыны жоқ, кейбір ақ шашты әжейлер: «Бұрымы көп болса,күйеуі де көп болады»-деп,қос бұрымнан артық бұрымды жақтырмаған. Алайда қазақ сыңар бұрымды қаламайды.


· Қазақ қызы жаугершілік заманда қанжармен шашын тарап,шашын төбесіне тарақтай түйіп,ерлермен бірге атқа қонып,елін қорғағанымен, 1941-1945 жылдардағы соғыс кезінде майданға аттанғанда бұрымдарынан амалсыз айырылуға мәжбүр болды. Солардың бірі Шығыстың шолпаны-Мәншүк Мәметова еді. Оның бұрымынан айырылған алақайғысы туралы ақын Дүйсенбек Қанатбаев тіпті,былайша жырлайды да;


Айқасқа барам өліммен,


Қайтемін жалғыз бас қамын.


Бұрымымды төгілген,


Туған жер саған тастадым.


Шашымды мақтап айтса наз,


Қинап ем жігіт талайын.


Тоқташы,сәл-пәл,шаштараз.


Айнаға қарап қалайын...


Шақырып апат гүрілі,


Майданда жатты ұйып қан


Арудың әсем бұрымы,


Кесіліп түсті иықтан!


Қара жер бетін қан қылып,


Окоптан талай тұрмады.


Ұйқыда қазір мәңгілік,


Батыр қыз майдан құрбаны.


Омырауын оқ тесіп,


Қиса да сол қыз ғұмырын


Жүргендей әлі от кешіп,


Қия алмай қара бұрымын!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу