Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  156


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ақ отау, Атамекен, ақ бесігім

Ақ отау, Атамекен, ақ бесiгiм,
Қалай деп ат тақсам да – тәттi елiмiң
Ата-анам алғаш көзiн өзi де ашып,
Өзi де өмiр “иттiң” жапты есiгiн.
Өзiңе арнап сезiм жадырадым,
Ұлыңның бiр кез мүмкiн таныр әнiн.
Тiрлiкте жан-қанымды сарқып берем
Шайқалып кетпесiн деп шаңырағың.
Ақ бесiк, Атамекен - әнiм, өлең,
Төсiңде арман iздеп жанып өлем.
Әр тасың, топырағың суарылған
Жасы мен Ата-бабам қаны менен.
Бiр сәтiң басқа жердiң күнi мен тең!
Топырақ Ата-бабам күлi ме екен?
Ақ бесiк, ақ отауым аяласа,
Армансыз бұл өмiрде күлiп өтем!
Бар ақын өзiңнен бастар әнiн,
Тәнiнде, сенiң нәрiң, жас баланың.
Қасиет тула бойың – Атамекен,
Басуға кейде тiптi жасқанамын!…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу