Өлеңдер ✍️

  28.07.2021
  178


Автор: Гаухар Жүсіпәлиева

Ұлағатты ұстаздарға

Күн бүгін ұстазым деп жар салатын.
Бізге білім беруге жан салатын.
Ұстаздар құтты болсын мерекеңіз,
Шәкірттері шаттықпен қарсы алатын.

Айналдым жүздеріңнен күлімдеген.
Ешқашан реніші білінбеген.
Өмірде ең асыл жан ұстаздарым,
Шәкіртін сусындатқан білімменен.

Мерейім басқалардан асты бүгін.
Ұстаз деген қасиетті басты ұғым.
Үйреткен жалықпастан әліппені,
Ұстаздың ұмытпаймыз жақсылығын.

Үніңізді барша әлемге тыңдаттың.
Ұстаздарға жыр арқылы үн қаттым.
Ғылым-білім бастауысың таусылмас,
Ұстаздарым баға жетпес қымбаттым.

Жүрсем елге арман жоқ ұнап дәйім.
Ұстаздардың сенімін құлатпайын.
Ұмытылмас ұлы тұлға шәкіртке,
Білім нәрін беретін бұлақтайын.

Шәкіртіңді біліммен тербетіп ең.
Байсалдылық байқалар келбетіңнен.
Өмірдің қыр-сырына үйрететін,
Ұстаздай жан табылмас жер бетінен.

Ұстаздарым даналықтың кенісің.
Ұлағат деп бағалаған ел ісін.
Шәкірттерің бағындырып биікті,
Көре бергін  еңбегіңнің жемісін.

Көбейсін шәкірттерің білім іздер.
Арада аман-есен жүріңіздер.
Сіздерге біздің мәңгі тілеріміз,
Ұстаздар ұзақ өмір сүріңіздер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу