Өлеңдер ✍️

  28.07.2021
  81


Автор: Гүлжамаш Жаманбалаева

Сыр

Жүрегім  тулап, дірілдеп  жаным,
Күндерім  батып, атса да  таңым .
Жаныма  дауа  таба  алмай бірақ,
Қоямын  кейде өзіме  сұрақ.

Білмеймін  неге  қиналдым  екен,
Біле  алмай  кейде  қиналып  өтем.
Адамның  бәрін  өзімдей  көріп,
Уақытты  босқа  өткізген  екем.

Ойлағам  бәрін  жақсы  жандар  деп,
«Алланың» құлы , имандылар деп.
Жас түгіл  мейлі,  үлкені  болын,
Парызын  білмей  жүрген  жандар  көп.

Өмірге  үлкен қадаммен  бастым,
Артымда  қалды  балалық  шағым.
Студент  болдым, жетті ол күн де,
Өзендей  өмір  сырғып  барасың.

Бітірсем  деймін аман-есен  оқуымды,
Жақсы  бағамен толтырсам  дипломымды.
Ата-анамның  атына  кір  келтірмей,
Тапсам  деймін  өмірден  өз  жолымды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу