Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  114


Автор: Бернияз Күлеев

Бүгін, ертең

Жаздың алды, жас өмірім солады,
Сарша тамыз, от жүрегім тоңады.
Көкірегімді кернеп кейде шыдатпай,
Бірдеңе деп сөйлегендей соғады.
«Жібершілеп» тасыр салған ой ма екен,
Немене екен, әлде жегі жей ме екен?
Сергек көңілім құлақ салып тыңдап ед,
«Бүгін, ертең, бүгін, ертең» дейді екен.
Не дегені, дені сау ма, тентек пе?
Күні бүгін, яки ертең ертпек пе?..
Тегіндік пе, қуаныш па, қайғы ма?
Бүгін, ертең мәңгілікке кетпек пе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу