Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  231


Автор: Сүгір жырау Бегендікұлы

КӨРПЕ ҮДЕРБАЙҰЛЫ БИСЕНБАЙҒА (үзінді)

..Арғы атаң Көрпе Аралбай


Туғаннан артық жаралды-ай,


Ғалымдар менен ғұлама,


Қайырлы байлар көп шығып


Адайға аты таралды-ай.


Өз әкең сенің Үдербай


Бай болды бұ да күдерлі-ай,


Уызына сіздер жарыған,


Бастарыңа қыдыр дарыған


Сен атышулы Бисенбай


Төрт түлігің болды сай,


Жоқ-жітік, пақыр-міскіндер


Ордаңнан сенің тапты жай,


Келешекті кәміл болжаған


Өнерің болды киелі,


Сақтадың аман жұттардан


Қой, жылқы, сиыр, түйені.


Малсызды еттің түйелі


Атсызды еттің биелі,


Әр тұқымнан мал беріп,


Берген сайын мол беріп


Жомарттыққа болдың жолсерік


Талай байды біз көрдік


Ішпейтін де, жемейтін,


Өскен сайын дәулеті


Артық болды-ау демейтін.


Жұртың сені айтып жүр


«Шапағаты елге тиетін,


Тура жолмен жүретін,


Жауыздықпен жаны қас –


Әділдікті сүйетін,


Әлсіздерді демейтін,


Жетімдерді жебейтін


Бисекемдей байларым


Үсті-үстіне көбейсін»...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу