Өлеңдер ✍️

  05.06.2021
  2345


Автор: Маржан Әлімұхамед

Асыл жарым

Қызықты бірге өткен уақыттарым,
Сезіндім сеніменен бақыт дәмін.
Сүйіктім сүйіп өтем ғұмыр бойы
Өзіңе жүректен ғашық жанмын.

Керек емес алмаймын асылдарың,
Болса болды жанымда асыл жарым
Қағазға қалам менен төкті бүгін
Жырларын жүрекпен сүйген жарың.

Қайғы да қуанышта көрдік бәрін,
Ұғындым өзіңменен өмір мәнін.
Алланың қалауымен тоқтамаса
Мендегі соққан жүрек сендік жаным




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу